Адеринсола Эсеола «Ақтөбенің» көңілінен шықпады

15.02.2022, 23:09
Футболшы көп ақша сұраған және матчқа қатысудан бас тартқан.
Адеринсола Эсеола «Ақтөбенің» көңілінен шықпады

Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында «Ақтөбенің» құрамында болған украиналық шабуылшы Адеринсола Хабиб Эсеола команда қосынынан кетті.

«30 жасар орталық шабуылшымен еңбек шартын жасасу кезінде келісімге қол жеткізу мүмкін болмағанын ресми хабарлаймыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ақтөбенің ұсынған жалақысы футболшының көңілінен шықпаған. Сондай-ақ 30 жастағы шабуылшы жолдастық кездесуге қатысудан бас тартқан. Бұл қылығына шыдамаған бапкерлер штабы Эсеоланы керек қылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×