Адеринсола Эсеола Еуропаға кетудің нұсқаларын қарастыруда

22.12.2020, 20:20
Әзірге Польшалық клубтан ұсыныс түскен екен.
Адеринсола Эсеола Еуропаға кетудің нұсқаларын қарастыруда

"Қайраттың" шабуылшысы Адеринсола Эсеола Еуропаға кетудің нұсқасын қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tribunа басылымы.

"Менің әртүрлі ұсыныстарым бар. Қазір біз оларды қарастырудамыз, қазіргі клубыммен де, басқа клубтармен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір жағдай ушығып тұр. Менің "Қайратпен" тағы бір жылға жарамды келісімшартым бар. Келісімшартты ұзартпаймын, бірақ мен келіссөздер жүргізіп жатырмын: басқа клубқа ауысу, жалға кету туралы. Қазір ештеңе анық емес. Еуропадан бір нұсқа бар - Польша.

Украиналық клубтар қызығушылық танытуы мүмкін, бірақ мен тек Украина Премьер-лигасындағы ТОП-2 клубтарды қарастырар едім. Басқалары қызықты болмас еді. Мүмкін жалақыға байланысты шығар", - деді Эсеола.

Одан бөлек шабуылшы Украина құрамасында ойнауға лайық екенін айтты:

"Биыл мен Украина құрамасында болуға лайық емес едім, бірақ алдыңғы жылы ең болмағанда құрамаға шақырту алуым керек еді.

Олар маған үнемі Қазақстан чемпионатын жиі көрмейтінін, оған қарап қорытынды жасауға болмайтынын айтады. Бас бапкердің сөзіне сүйенсек, құрамаға шақыртылатын футболшы УПЛ-дің ТОП-3 командасында немесе Еуропа чемпионатында ойнауы керек екен. Бірақ мен жаттықтырушыларды сынай алмаймын, олардың өзіндік көзқарасы бар, мүмкін мен схемаға сәйкес келмейтін шығармын".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×