Адеринсола Эсеола мансабын Украинада жалғастырады

02.07.2021, 17:26
Украиналық шабуылшы соңғы кездері «Қайрат-Жастар» командасында ойнап жүрген еді.
Адеринсола Эсеола мансабын Украинада жалғастырады

"Қайрат" пен "Ворскла" Полтава футбол клубтары Адеринсола Эсеоланың трансфері туралы нақты келісімге келді. Бұл жайлы алматылық команданың ресми сайты хабарлады.

Эсеола "Қайрат" сапына 2018 жылдың жазында қосылған еді. Содан бері ол алматылық клубтың жейдесінде 84 матч өткізіп, 38 гол соқты. 2019 жылы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені деп танылды. 30 жастағы шабуылшы 2018 жылы Қазақстан Кубогін жеңіп алды, ал өткен жылы командамен бірге Қазақстан чемпионы атанды.

Адеринсола "Қайратқа" ауыспас бұрын "Ақжайықтың" намысын қорғады. Оралдық клубта 13 матч өткізіп, 8 мәрте мергендігімен көзге түскен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×