Адиев “Атыраудан” бас тартты

14.04.2025, 17:30

Магомед Адиев Ресейдің "Химки" клубының бас бапкері болуға келісті.

Адиев “Атыраудан” бас тартты

Соңғы апталарда қазақстандық БАҚ пен жанкүйерлер арасында Адиевтің Премьер лигадағы "Атырау” клубына келуі мүмкін екені жөнінде ақпарат тараған болатын. Алайда Ресейлік ақпарат көздері Адиев "Химкидің” бас бапкері болады деп хабарлады.

"Химки” клубы қазір Ресейдің Бірінші лигасында (ФНЛ) ойнап жатыр және басты мақсаты — қайтадан РПЛ-ға (жоғарғы лига) шығу. Магомед Адиевке осы миссия сеніп тапсырылып отыр.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×