Адиев кеткеннен кейін бір гәп бар секілді...

19.11.2024, 12:02

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы футболшысы Валерий Гладилин Sovsport.ru сайтына берген сұқбатында Черчесов пен Адиевтің нәтижелеріне тоқталды.

Адиев кеткеннен кейін бір гәп бар секілді...
Магомед Адиев

Ардагер Адиевтің жұмысын жоғары бағалап, Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасының биылғы маусымындағы өнерін өте сәтсіз деді.  

«Қазақстан құрамасының биылғы нәтижесінен төмен көрсеткіш болуы мүмкін емес. Бес кездесуде ұтылып, ештеңе де соға алмаған еді, ал бұл Черчесовтың тәуір команданы тізгіндегенін ескерсек: олар Адиевпен жетістіктерге жете алды. Ол бос жерге келмеген болатын. Мүмкін, кейбір реформаларды іске асырған шығар, үңілу керек, алайда, қазіргі нәтиженің өте нашар екені даусыз. Қазақстандағы жұмысы алға баспады.

Адиевте де осындай қарсыластар болған, суперкомандалар жоқ, барлығы бір деңгейде. Адиев кеткеннен кейін бір гәп бар секілді. Мүмкін, Черчесовтың жаңалықтары жақпады ма. Құрамадағы басты дүние – үндестер тобын жасақтау десек, Черчесовтың қолынан бұл шаруа келген жоқ», - деді Гладилин. 

Станислав Черчесовке дейін Қазақстан құрамасын Магомед Адиев жаттықтырған болатын. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына алып шығып, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына төмендеді. Ал Станислав Черчесов болса ҚФФ-мен арадағы келісімшартына сәйкес, 2026 жылдың жазына дейін құраманы тізгіндемек. Ол бұзылған жағдайда ҚФФ ресейлік маманға 1 млн еуро өтемақы төлеге міндеттеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
×