Адиевті “Крыльядан” алыстатқысы келетіндер қарасы көбейді

Магомед Адиев баптауындағы "Крылья Советов" ойыны ақтап алуға да келмей тұр. Команданың Премьерде көргені тек жеңіліс болды.

Адиевті “Крыльядан” алыстатқысы келетіндер қарасы көбейді

Кеше түнде Самара ұжымы “Динамо” Мәскеуге 4:0 есебімен оңбай жеңілді. Жалпы соңғы өткізген үш матч қорытындысы бойынша “Крылья” Премьер ұжымдарына (11:0) есебімен есе жіберген. Кешегі ойын тіптен нашар. Құрамдағы ойыншылардың бас бапкерге шүйліккені бар ма, алаңдағы әркеттері сұрөңсіз болды. 

Одан тағысы, бапкер Адиев клубтың жас сұрмергендерінің бірі Владимир Игнатенкоға да мүмкіндік бермеуде. 

Осының барлығы Советов жанкүйерлерінің шамына тиіп біткен екен. Олар жақын аралықта Магомед Адиевтің клубтан кетуін талап ететін петиция жинамақшы. Фанаттар құраманың экс-бапкері орнына Рашид Рахимовты шақыру керек деген пікірлерін білдіруде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×