Африка құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысты

22.01.2023, 18:51
Африка құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысты


"Аль-Наср" ФК шабуылшысы Дембо Дарбо "Астана" сапында өнер көрсететін болады.

Трансфермаркет 24-жасар Гамбия футболшысын 2,5 еуроға бағалайды.

Дембо өз мансабында "Реал де Банжул", "Нджамбур", "Шкупи" және белорустық "Шахтер" сапында доп тепкен. Өткен жылдың тамыз айында "Аль-Наср" "Шахтерге" Дарбо үшін 1,5 млн төлеп, футболшыны өз қатарына қосты. Бұл маусымда шабуылшы 16 ойын өткізіп, 3 гол салған екен. Оның ендігі клубына келсек, "Астана" Қазақстанның 7-дүркін чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×