Жоао Пауло ҚПЛ-дi емес Еуропаны таңдады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Кабо-Верде ұлттық құрамасының ойыншысы Жоао Пауло мансабын Румынияның ең танымал клубы — "ФКСБ" (бұрынғы "Стяуа") сапында жалғастыратын болды. Румыниялық "Оцелулдан" ауысқан футболшыға Қазақстандық клубтар тарапынан да қызығушылық болған.
"Ақтөбе” кешігіп қалды
Legalbet.kz дереккөзінің хабарлауынша, Ақтөбелік клуб бұл ойыншыны өз қатарына қосуға ниет білдіріпті. Алайда, "Ақтөбе” өкілдері ресми ұсыныстарын Румыниядағы трансферлік терезе жабылуға санаулы сағаттар қалғанда ғана (10 ақпан күні) жасаған екен.
Бұл уақытта Жоао Пауло "ФКСБ" басшылығына нақты уәде беріп қойған көрінеді. Сөз берген соң алған бетінен қайтпаған футболшы Қазақстандық ұжымның ұсынысынан бас тартқан болып отыр.