Әйелдер арасындағы Тунис пен Ливия ұлттық құрамаларының кездесуі нағыз сенсациялық есеппен аяқталды — 16:0. Бұл ойын "FIFA біріктіреді" атты достық матчтар сериясының аясында өтті.
Тунис қыздары қарсыластарын еш аяған жоқ – 16 голдың басым бөлігі Ливия қақпашысының өрескел қателіктерінен кейін соғылды.
Айта кетерлігі, Тунис әйелдер құрамасы Африкадағы алпауыт ұжымдар қатарына кірмейді. Соңғы жылдары олар Ботсвана мен Танзания сияқты командалардан да жеңіліс тапқан. Алайда бұл жолы олар өз мүмкіндігін толық пайдаланды.
Ал Ливия құрамасының жағдайы одан да мүшкіл. 2016 жылдан бері ресми матч өткізбеген, тарихында бірде-бір гол соқпаған және 43 доп жіберіп алған. Жеті жылдық үзіліс пен тәжірибе жетіспеушілігі бұл кездесуде айқын байқалды.