Африканың үздік ойыншысы кім болмақ?

12.12.2019, 03:06
Африканың үздік ойыншысы кім болмақ?

Африка футбол конфедерациясы 2019 жылғы "Африканың үздік ойыншысы" жүлдесінен үмітті 10 футболшының есімін жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан ай бұрын бұл тізімде 30 футболшы болған. Енді олардың  қатары 3 есе қысқарды.

Үміткерлер тізімі: Андре Онана, Хаким Зиеш (екеуі де - «Аякс»), Исмаэль Беннасер («Милан»), Калиду Кулибали («Наполи»), Мұхаммед Салах («Ливерпуль»), Одион Игало («Шанхай Шеньхуа»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Садио Мане («Ливерпуль»), Юссеф Белайли («Аль-Ахли Джидда»).
Марапаттау рəсімі 2020 жылы 7 қаңтар күні Египетте өтеді.

Соңғы екі жыл бойы бұл атақ Мұхаммед Салахтың еншісінде кеткен еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×