Агентімен ақылдаспаған Самородов айыппұл арқалайды

“Ахматқа” ауысарда өз футбол агентімен ақылдаспаған Максим Самородов Дмитрий Кигинькога қомақты ақша төлеуге міндеттеледі.

Агентімен ақылдаспаған Самородов айыппұл арқалайды

6 тамыз күні грозныйлық ұжыммен ресми келісімге келген шабуылшы өз агенті Дмитрий Кигинькога мансабын “Ахматта” жалғастыратыны жайында ескертпеген. Ал бұл футболшының мүддесін қорғайтын ұйым үшін заң бұзушылық болып табылады. Сол себептен Максим айыпты өтеу барысында Кигинькога 3 млн еуро төлеуі тиіс (1,58 млрд).

Осыған дейін біз Самородовтың 2-3 аптаға дейін қатардан шығып қалғаны туралы ақпарат таратқан болатынбыз. “Краснодарға” қарсы Кубок кездесуінде жарақат алған отандасымыз үшін бұл тағы бір үлкен мәселе болып отырғаны өтірік емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ахмат
×