Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA Series турниріне арналған кеңейтілген тізімі қызу талқылануда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бас бапкер Талғат Байсуфиновтың таңдауына қатысты белгілі футбол функционері Николай Иванов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында өз күмәнін ашық білдірді.
Жанкүйерлер мен мамандарды ең көп толғандырған сұрақ — қорғаушы Дінмұхаммед Қашкеннің тізімге енуі. Оның әкесі — Болат Бақтаев, Қазақстанның шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті. Осы жайт ойыншының деңгейіне қарамастан құрамаға ілігуіне әсер етті ме?
Николай Иванов бұл туралы былай деді:
"Бұл жерде агенттік ойындар ма, әлде басқа нәрсе ме — дөп басып айту қиын. Сұрақты Байсуфиновтың өзіне қою керек. Біздің футболдың ерекшелігі сондай, кейде ұлдары, туыстары мен жақындары лайық болмаса да, маңызды орындардан табылып жатады. Бұл жолы да солай болмаса екен деп үміттенемін."
Сондай-ақ, маман бапкерлер штабына мынадай маңызды ескерту жасады:
"Жеке көзқарастар мен таныстық құрама мүддесінен жоғары тұрмауы тиіс. Әрбір ойыншының не үшін шақырылғанын бапкер дәлелдеп беруі керек. Құрамада ұнату немесе ұнатпау деген қағида емес, кәсібилік басты орында болуы қажет.” – дейді Иванов.