Ағылшын Прeмьер-Лигасы

24.02.2014, 14:27
Ағылшын Прeмьер-Лигасы
Примьер-Лиганың 27-ші тур ойындары Лондандағы "Челси" мен "Эвертон" кездесуімен басталды. Екі ұжымның да қазіргі жағдайы, ойыны тұрақты деуге келмес турда "Вест Бромвичпен" ұпай бөліскеннен кейін, Англия кубогінде "қалалықтардан" жеңілді..  Ал, Мартинес шәкірттері соңғы турда кестедегі басты қарсыластарының бірі "Тоттенхэмге"жол берді. "Челси" өз жанкүйерлері алдында қалай болмасын жеңіске ұмтылады. Егер, бүгін сүрінсе, сүрінгенін көзден таса қылмайтын "Манчестер Сити", "Арсенал", "Ливерпульдер" бар. Жалпы, ойын "ақсүйектердің" басымдылығымен өткенімен, есеп ойынның аяғына дейін ашылмады. "Челсидің" шабуыл өтінде біраз қиындықтар бар. Тұшымды шабуылдар ұйымдастырғанымен, шабуылға нүкте қояр соққы жетіспейді. Әупірімдеп жүріп, 93 минутта Жозе шәкірттері гол тоғытты. Онда да айып соққысы орындалғанынан кейін, оған қоса гол авторы-Джон Терри.  
 

22 ақпан. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". Төреші - Ли Проберт (Уилтшир).

ЧЕЛСИ - ЭВЕРТОН - 1:0 (0:0)
 Терри, 90+3 (1:0).
Челси Эвертон
 Петр Чех  Тим Ховард
 Бранислав Иванович  Симус Коулмен
 Гари Кэхилл  Фил Джагиелка
 Джон Терри  Сильвен Дистен
 Сесар Аспиликуэта  Лейтон Бэйнс
 Неманья Матич  Гарет Бэрри
 Фрэнк Лэмпард  Джеймс Маккарти
 Виллиан, 62  Леон Осман, 63
 Оскар, 46  Стивен Пинар, 80
 Эден Азар  Кевин Миральяс, 75
 Самуэль Это'О, 69  Стивен Нейсмит
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рамирес, 46  Росс Баркли, 63
 Фернандо Торрес, 62  Херард Делофеу, 75
 Андре Шюррле, 69  Эйден Макгиди, 80

Ескертулер:

 Оскар, 9  Гарет Бэрри, 82
   Фил Джагиелка, 90+2

 

Егер шындыққа тура қарар болсақ, қазір "Манчестер Сити" бар күшін Примьер-Лигада чемпион болуға жұмылдыруы тиіс. Чемпиондар Лигасындағы "Барселонамен" текетірес тағдыры 80 пайызға шешілді. "Челсимен" арадағы ұпай санын бұрынғыша сақтап қалу үшін, бүгін Пеллегрини шәкірттері өз алаңында "Сток Ситиді" жеңуі тиістұғын. Бірінші айналымда екі ұжым, "Британиа" стадионында қақпалардан саңылау таба алмай, тең ойнаған. Бірінші таймда алаңда тең ойын өрбіді. Екі команда да, есепті ашар мүмкіндіктер болғанымен, қақпашылар сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ал, екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін толықтай қолдарына алып, шабуылдарын үдетті. 70-ші минутта Туре гол тоғытып, команда үшін ауадай қажет жеңісті еншіледі.  

22 ақпан. Манчестер. Стадион "Этихад". Төреші - Крис Фой (Мерсисайд).

МАНЧЕСТЕР СИТИ - СТОК СИТИ - 1:0 (0:0)
 Туре, 70 (1:0).
Манчестер Сити Сток Сити
 Джо Харт  Асмир Бегович
 Пабло Сабалета  Джефф Камерон
 Венсан Компани  Райан Шоукросс
 Мартин Демичелис  Марк Уилсон
 Александар Коларов  Эрик Питерс
 Фернандиньо, 63  Гленн Уилан, 82
 Яя Туре  Чарли Адам
 Самир Насри  Джонатан Уолтерс, 78
 Давид Сильва  Марко Арнаутович, 68
 Эдин Джеко  Питер Одемвингие
 Альваро Негредо, 56  Питер Крауч
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Стеван Йоветич, 56; 69  Уилсон Паласиос, 68
 Хесус Навас, 63  Стивен Айрлэнд, 78
 Хави Гарсия, 69  Мэтью Этерингтон, 82

Ескертулер:

 Венсан Компани, 15  Чарли Адам, 34
 Фернандиньо, 31  
 Эдин Джеко, 90+1  

 

"Бавариядан" жеңілген "Арсенал", бар ашуын қонаққа келген "Сандерлендтен" алды. "Зеңбірекшілер" сапына немістерге қарсы ойынға шықпаған Жиру оралса, ал сол немістерге қарсы ойында пенальти сала алмаған Өзіл жасыл алаңға шыққан жоқ. Журналистер бұл Арсен Венгердің Өзілге берген жазасы десе де, француздық бапкер Өзілге демалыс бердім деп ақталуда. Ол да дұрыс. Себебі, соңғы 4-5 ойын көлемінде өзіне тән жақсы ойын өрнегін көрсете алмай жүр. Ойынға оралар болсақ, есепті 5-ші минутта Подольски пасынан кейін, Жиру есеп ашты. Ал, 31-ші минутта француз өз еншісіне дубль жазды. 2-0! Бірінші бөлік аяқталуға 3-4 минут қалған кезде Росицки, Жиру пасынан кейін есепті іріледі. Екінші таймның басында қорғаушы Косельни гол салды. Осыдан кейін, сәл босансыған "Арсенал", бір гол жіберіп алғанымен сенімді жеңісті тойлады. "Ақсүйектермен" арадағы ұпай санын біреуге қысқартты.  

22 ақпан. Лондон. Стадион "Эмирейтс". Төреші - Андре Марринер (Бирмингем).

АРСЕНАЛ - САНДЕРЛЕНД - 4:1 (3:0)
 Жиру, 5 (1:0). Жиру, 31 (2:0). Росицки, 42 (3:0). Косельни, 57 (4:0). Джаккерини, 81 (4:1).
Арсенал Сандерленд
 Войцех Щесны  Вито Манноне
 Бакари Санья  Филлип Бардсли
 Пер Мертесакер  Сантьяго Вергини
 Лоран Косельни, 67  Джон О'Ши
 Начо Монреаль, 46  Маркос Алонсо
 Микель Артета  Лайам Бридкатт
 Джек Уилшир  Ки Сун Ен, 73
 Томаш Росицки, 73  Джек Колбэк
 Санти Касорла  Адам Джонсон, 46
 Лукас Подольски  Фабио Борини
 Оливье Жиру  Джози Алтидор, 46
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Карл Дженкинсон, 46  Себастьян Ларссон, 46
 Матье Фламини, 67  Эммануэле Джаккерини, 46
 Серж Гнабри, 73  Игнасио Скокко, 73

Ескертулер:

   Эммануэле Джаккерини, 53

 

Алдымыздағы сейсенбіде "Манчестер Юнайтед", Чемпиондар Лигасында "Олимпиакосқа" қарсы ойнамақ. Одан 3 күн бұрын Примьер-Лигада "Кристал Пэласке" қонаққа барды. Жақында ғана Руни клубпен 4 жылға келісім-шартқа отырған болатын. Бұл ұжым үшін де, әсіресе, жанкүйерлер үшін де қуанышты жаңалық болғаны анық. Өзіне 18 жасынан бері пана болған клубты қиын кезеңде тастамай келісім-шартты 4 жылға ұзартқаны үшін Руниға жарайсын дейміз. "Кристал Пэласқа" қарсы ойында командаға оңай соқпағанымен, екінші таймда ойындағы басымдығын голға айналдырды. Гол авторлары-ван Перси мен Руни. 3 ұпайды еншілеген "қызыл сойқандар" турнир кестесінде 6-шы орында тұрған "Эвертонды" қуып жетті. Енді Дэвид Мойес шәкірттері, Грецияға көтерінкі көңіл күймен аттанады.

22ақпан. Лондон. Стадион "Селхерст Парк". Төреші - Майкл Оливер (Нортумберленд).

КРИСТАЛ ПЭЛАС - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:2 (0:0)
 ван Перси, 62 - пенальтиден (0:1). Руни, 68 (0:2).
Кристал Пэлас Манчестер Юнайтед
 Хулиан Сперони  Давид Де Хеа
 Джоэл Уорд  Крис Смоллинг
 Скотт Данн  Рио Фердинанд
 Дэмьен Дилэйни  Неманья Видич
 Джонатан Парр  Патрис Эвра
 Миле Единак  Майкл Кэррик
 Джо Ледли  Маруан Феллаини, 88
 Джейсон Панчон  Хуан Мата
 Томас Инс, 85  Уэйн Руни
 Гленн Мюррей, 66  Аднан Янузай, 80
 Маруан Шамах, 74  Робин ван Перси, 80
Ойын барысында ааңға шыққандар:
 Камерон Джером, 66  Райан Гиггз, 80
 Янник Боласи, 74  Антонио Валенсия, 80
 Дуайт Гэйл, 85  Даррен Флетчер, 88

Ескертулер:

   Неманья Видич, 59
   Райан Гиггз, 90+1

 

"Энфилд" алаңында, турдың соңғы ойындарының бірінде "Ливерпуль" мен "Суонси" кездесті. Бұл кездесу екі адам үшін өте ерекше болмақ. Бірінші, "қызылдардың" қазіргі бапкері Роджерс, дәл осы "Суонсиді" уақытында Чемпионшиптен алып шыққан. Екінші, біраз жылдар қызылдар сапында доп тепкен Шелви бұрынғы командасына қарсы ойнамақ. Жалпы, ойын өте тартысты өтті. Бірінші таймның өзінде 5 гол соғылғанның өзі неге тұрады... Бұл ойынды суреттеп жазуға шыны керек, сөз жетпес. Эмоцияның бәрін матч барысы алып қойған секілді. 7 гол соғылған жан алып. жан беріскен ойында "Ливерпуль" жеңіске жетті.

23 ақпан. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". Төреші - Майкл Джонс (Честер).

ЛИВЕРПУЛЬ - СУОНСИ - 4:3 (3:2)
 Старридж, 3 (1:0). Хендерсон, 20 (2:0). Шелви, 23 (2:1). Бони, 27 (2:2). Старридж, 36 (3:2). Бони, 47 - пенальтиден (3:3). Хендерсон, 74 (4:3).
Ливерпуль Суонси
 Симон Миньоле  Мишел Ворм
 Глен Джонсон  Анхель Ранхель
 Мартин Шкртел  Чико
 Даниэль Аггер, 63  Эшли Уиллиамс
 Джон Флэнэган  Нил Тэйлор
 Стивен Джеррард  Леон Бриттон
 Джордан Хендерсон  Джонатан Де Гузман, 73
 Филиппе Коутиньо  Джонджо Шелви, 46
 Рахим Стерлинг, 58  Уэйн Раутледж
 Луис Суарес  Нэтан Дайер, 78
 Даниэль Старридж, 79  Вилфрид Бони
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джо Аллен, 58  Хосе Альберто Каньяс, 46
 Коло Туре, 63  Пабло, 73
 Виктор Мозес, 79  Давид Нгог, 78

Ескертулер:

 Мартин Шкртел, 26  

 

Ағылшын Примьер-Лигасының 27-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Кардифф Сити-Халл Сити-0:4 Голдар: Хаддлстоун, 18(0:1). Елавич, 38(0:2). Елавич, 57(0:3). Ливермур, 67(0:4). Вест Бромвич-Фулхэм-1:1 Голдар: Дежага, 28(0:1). Выдра, 86(1:1). Вест Хэм-Саутгемптон-3:1 Голдар: Йошида, 9(0:1). Джервис, 20(1:1). Коул, 23(2:1). Нолан, 71(3:1). Ньюкасл-Астон Вилла-1:0 Гол: РЕми, 90+2(1:0) Норвич-Тоттенхэм-1:0 Гол: Снодграсс, 47(1:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЧЕЛСИ 27 18 6 3 49-21 60
2  АРСЕНАЛ 27 18 5 4 52-27 59
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 26 18 3 5 69-27 57
4  ЛИВЕРПУЛЬ 27 17 5 5 70-35 56
5  ТОТТЕНХЭМ 27 15 5 7 36-33 50
6  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 27 13 6 8 43-31 45
7  ЭВЕРТОН 26 12 9 5 37-27 45
8  НЬЮКАСЛ 27 12 4 11 33-38 40
9  САУТГЕМПТОН 27 10 9 8 38-32 39
10  ВЕСТ ХЭМ 27 8 7 12 31-34 31
11  ХАЛЛ СИТИ 27 8 6 13 29-31 30
12  СУОНСИ 27 7 7 13 36-40 28
13  АСТОН ВИЛЛА 27 7 7 13 27-37 28
14  НОРВИЧ 27 7 7 13 20-39 28
15  СТОК СИТИ 27 6 9 12 27-42 27
16  КРИСТАЛ ПЭЛАС 26 8 2 16 18-36 26
17  ВЕСТ БРОМВИЧ 27 4 13 10 31-39 25
18  САНДЕРЛЕНД 26 6 6 14 26-42 24
19  КАРДИФФ СИТИ 27 5 7 15 19-48 22
20  ФУЛХЭМ 27 6 3 18 27-59 21

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×