Ағылшын Премьер лигасы 32-турдан бастап жартылай автоматтандырылған офсайд технологиясын енгізеді

02.04.2025, 15:00

Ағылшын Премьер лигасы 12 сәуір яғни 32-турдан бастап жартылай автоматтандырылған офсайд технологиясын (SAOT – Semi-Automated Offside Technology) ресми түрде енгізеді. Бұл жүйе осы маусымда АПЛ-да офлайн режимде сыналған және Англия кубогында тікелей қолданылған.

Ағылшын Премьер лигасы 32-турдан бастап жартылай автоматтандырылған офсайд технологиясын енгізеді

Жаңа технология офсайд шешімдерін қабылдаудағы негізгі элементтерді автоматтандырып,  төрешіге шешім қабылдауға септігін тигізеді. Ол ойыншылардың қозғалысын оптикалық бақылау арқылы виртуалды офсайд сызығын дәлірек және жылдам орналастыруға мүмкіндік береді.

Жәнеде бұл жүйе шешім қабылдау жылдамдығын арттырады, офсайд ережесін сақтау дәлдігін қамтамасыз етеді, стадион мен телетрансляциядағы графикалық көріністерді жақсартады.

АПЛ бұл жүйені төрешілік ұйымы PGMOL (Премьер лига төрешілерінің қауымдастығы) және спорттық деректер мен технологиялар саласындағы жетекші компания Genius Sports компаниясымен бірлесіп әзірледі.

                                                  Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×