Ағылшын Премьер-лигасының басшылығы коронавирустың өршуіне байланысты маусымды 2021 жылдың қаңтарында екі аптаға тоқтата тұруды қарастыруда.
The Telegraph-тың хабарлауынша, клубтар қаңтарда екі апталық үзіліс жасау мүмкіндігін талқылап жатыр. "Эвертон" - "Манчестер Сити" матчы кейінге қалдырылғаннан кейін, кейбір топ-клубтың менеджерлері бұл мәселені бейресми түрде талқылаған екен.
Сондай-ақ, Премьер-лиганың 16-турының бүгін, 30 желтоқсанға жоспарланған "Фулхэм" - "Тоттенхэм" матчының да өту-өтпеуі белгісіз болып тұр. "Саутгемптон" мен "Вест Хэмді" арасындағы матчта алаң қожайындарының бас бапкері Ральф Хазенхюттль өзінің отбасы мүшелерінің бірі вирус жұқтырғандықтан, бұл матчқа қатыспады. Премьер-лигадағы соңғы тестілеуде коронавирустың 18 жағдайы анықталды - бұл тамыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Біздің серіктес: FONBET