Ағылшын шабуылшысы Конго ДР ойнауға дайын екенін жеткізді

Бұған дейін құрамаға шақыртқан кезде бармай қойған “Лестер” ойыншысы Стефи Мавидиди  табан асты ойын өзгертіп шықты.

Ағылшын шабуылшысы Конго ДР ойнауға дайын екенін жеткізді

Конго командасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеуінде өз континентінде Камерун мен Нигериядан басым түсіп, турнирдің тоғыспа матчтарында бақ сынасуға мүмкіндік алды. Құрама наурыз айында Ямайка, Суринам (екеуі — КОНКАКАФ), Боливия (Оңтүстік Америка) және Жаңа Каледония (ОФК) жұптарының жеңімпазымен ойнайды. Егерде Себастьян Десабре шәкірттері тоғыспа кездесулерден мүдірмей өтсе, онда 3 білдей елде өтетін мундиальға жолдама алады. 

Құраманың осындай көрсеткіштерінен хабардар болып отырған Стефиде сәтті пайдаланып, Конго сапына кіріп алуды мақсат етуде екен. Бүгінде ол Демократиялық елдің футбол басшыларынан жауап күтуде. Бірақ Мавидидидің өзі сол басшыларға кезінде жоқ деп жауап беріп, құрамаға шақыртылып тұрған жерінен Англияға қайтып кеткен. 

Айтпақшы, 27 жастағы ойыншының Конго азаматтығынан бөлек, Ағылшын төлқұжаты бар. Ол тұманды альбионның жастар құрамасының U17-ден U20 командасына дейін барлығы 20 матч өткізіп, 6 гол соққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×