Заңгер Саймон Лиф "Челси" клубының вингері Михаил Мудрикке допинг қолданды деген айып ресми түрде дәлелденген жағдайда, оны не күтіп тұрғанын түсіндірді.
"Күткендей, егер Мудрик тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылса, онда "Челси” клубы онымен келісімшартты бұзуға толық құқылы болады. Сонымен қатар клуб өзіне келтірілген залал үшін Мудрикке қарсы сотқа талап қоюы да мүмкін.” деп мәлімдеді Саймон Лиф inews.co.uk сайтында.
Айта кетейік, 18 маусым, дүйсенбі күні Англия футбол федерациясы Украиналық футболшыға ресми түрде допинг қолданды деген айып таққан. FA ережелеріне сәйкес, 24 жастағы вингерд не тағылған айыппен келісуі керек, не бұл мәселені футбол қауымдастығында қарауды сұрай алады.