“Реал Бетис” жартылай қорғаушысы Джованни Ло Чельсо Бразилиялық вингер Антонидің командаға қайта қосылғанына қуанышты екенін жеткізді.
25 жастағы Антони өткен маусымның екінші жартысында Севильялық клубта жалда ойнап, жазғы трансфер терезесінде “Манчестер Юнайтедтен” 22+3 млн еуро және 50% қайта сату құқығымен толыққанды ауысым жасаған.
Ло Чельсо Бразилиялық футболшының “Бетиске” оралуы команда үшін де, ойыншының өзі үшін де маңызды екенін атап өтті:
“Бұл жаз Антони үшін оңай болған жоқ. Біз Ағылшын клубтарының мұндай жағдайда қалай әрекет ететінін білеміз – олар ойыншыны жаттығудан шеттетеді, бәрі қиындайды. Соңғы рет ол мамырда ойнаған еді, бірақ қазір командаға оралғанда бойында ерекше энергия бар екенін байқадық. Ол “Реал Сосьедадқа” қарсы және одан алдыңғы матчта керемет ойнады. Әр допқа тиген сайын алаңда қауіп сезіледі – бұл тамаша! Оның осындай ойыны команданы шабыттандырады және ұжымға үлкен үлес қосады.” – деді Джованни.