Амстердамдық клуб биыл басынан өте ауыр кезеңді өткізуде.
ЧЛ-ның 4 турынан кейін нидерландылықтар бірде-бір ұпайсыз турнирлік кестеде соңғы орында. Өткен турдағы кезекті жеңілісінен кейін (Галатасарайдан 0:3) Эредивизиде екі матчта қатарынан ұтылып қалды (1:2, 1:2). Ең сорақысы турнирдегі ең әлсіз шабуыл да осы «Аяксте» - 4 турдағы голдар айырмасы 1:14. Алдағы матчта Бергейс пен ван ден Бомен секілді негізгі ойыншылардың болмауы да алаң иелерінің жағдайын қиындата түседі.
«Бенфиканың» да жағдайы да мәз емес. Португалиялықтар да әлі күнге дейін ұпайға қол жеткізе алмай келеді. Алғашқы турда «Карабахтан» өз алаңында жеңілген соң «қырандар» ес жия алмай келеді (2:3). Португалия чемпионатында команда 11 турдан кейін 25 ұпаймен үшінші орында келеді. Көш басындағы «Портудан» 6 ұпайы кем.
«Аякс» пен «Бенфика» өзара 11 рет кездескен – 5 рет нидерландылықтар жеңіске жетсе, 3 бәсеке «Бенфиканың» басымдығымен аяқталған. Тағы 3 ойында қарсыластар тең тарқасқан болатын.
Біздің болжам – матчтың екінші таймындағы жалпы голдардың тоталы 2-ден көп болады. Бұған Fonbet.kz 2.80 коэффициент беруде