Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев “Навбахор” клубын амстердамдық “Аякстың” басшылығына бермекші.
Наманган командасына алдағы уақытта Нидерланды жерінен 11 маман келеді. Олар жергілікті ойыншыларды “Аякс” методикасына сәйкес, дайындап шығарады.
“Аякс” - Еуропада белді клубтардың қатарына кіреді. Өз тарихында 36 рет Нидерланды чемпионатын, 20 мәрте ел кубогын және 3 рет Чемпиондар Лигасын жеңген ұжым әр жыл сайын мықты шәкірттер тәрбиелеуде.
Егерде Нидерланды футболы жобасы Наманганда оң нәтижесін берсе, онда Өзбекстан футбол Қауымдастығы басқа да өңірлерде “Аякс” методикасымен футболшыларды тәрбиелеу жұмысының ауқымын кеңейтпек.