Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов келесі маусымда "Қайсар" сапында өнер көрсетпейді.
AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше, 24 жастағы футболшы клуб басшылығына өз шешімін жеткізген. Ол кәсіби мансабын басқа командада жалғастыруды жоспарлап отыр.
Қазір ойыншының қай командаға ауысатыны нақты белгісіз, алайда бірнеше Қазақстандық клуб шабуылшыға қызығушылық танытып отқан көрінеді.