Айбар Жақсылықов: «Легионерлер арасынан көзге түсу қиынға соқты»

02.10.2020, 15:02
«Жетісу» ойыншысы Айбар Жақсылықов Aladop.kz сайтына сұқбат берді.
Айбар Жақсылықов: «Легионерлер арасынан көзге түсу қиынға соқты»

- Айбар, соңғы ойындарда тамаша бапта болып, төрт ойын қатарынан үш ұпайға ие болып келдіңіздер. "Астанаға" қарсы ойында үш гол айырмашылығымен жеңіліске ұшырадыңыздар. "Жетісуге" ол ойында не жетіспеді?

- "Астанаға" қарсы кездесуде екі бірдей голды стандарттан жіберіп алдық. Елордалық ұжым секілді командаларға қарсы ондай қателіктерді жасауға болмайды. Ойын есебі ашылмай тұрып өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек еді. Өкінішке орай сәттілік бізге серік болмады.

- Келесі турда "Тобылға" қарсы матч өткізесіздер. Қостанайлықтарды 2015 жылдан бері жеңбеген екенсіздер.

- Әлбетте бізді ауыр матч күтіп тұр. "Тобыл" соңғы екі жылда жүлдеге таласып жүрген команда екенін білесіздер. Дегенмен біз бар күшімізді салатын боламыз.


- Сізді алаңда 90 минут бойы көру сирек кездестін жағдай болып кетті. Ойынға тек қосалқы құрамнан кіргеніңізді немесе ойын ортасында алмасып жатқаныңызды ғана көреміз.

- "Жетісу" құрамына шақырту алып, негізгі құрамда өнер көрсетіп жүргеніме дән ризамын. Бұл сұрақтың жауабын басып айта алмаймын. Ол бапкердің қабылдаған шешімі. Басшылық алаңға мені қай минутта шығарса да, өз ойынымды барынша көрсетіп, күш жігерімді салатын боламын.

- "Жетісудың" негізгі құрамына 2019 жылы шақыртылдыңыз. Премьер Лигада өнер көрсету процесіңіз неге ұзаққа созылды?

- Бәлкім негізгі құрамнан орын алуым үшін әлі де біраз шыңдалуым керек болған шығар. Легионерлер арасынан көзге түсу де қиынға соқты.

- Константин Горовенкомен жақсы таныссыздар. Қазір ол кісі "Шахтёрдың" бас бапкері. Егер "Шахтёр" тарапынан ұсыныс түссе ауысар ма едіңіз?

- Иә, Константин Горовенконы жақсы танимын. Тәжірибелі мамандардың бірі. Егер расында осындай жағдай болып жатса ұсынысты бірден қабыл аламын деп айта алмаймын. Себебі менің өз көздегенім бар.

- Сіз "Жетісу Б"-да өнер көрсетіп жүргенде Қазақстан жастар құрамасының бапкері Александр Москаленко болып еді. Сол тұста сізді неге құрамға шақырмаған? Әлде Оралхан Өміртаев сынды шабуылшылармен бәсеке барысында жол бердіңіз бе?

- Бұл сұраққа біршама уақыт өткесін жауап беремін.


- Алаңда өзіңізді тағы қай позицияда көре аласыз?

- Кез-келген шабуылшының рөлін атқара аламын. Оң қаптал немесе сол қапталдағы шабуыл шебі.

- Егер мүмкіндік болып жатса ТОП-5 лиганың қайсысында өнер көрсетер едіңіз?

- Оны уақыты келгенде көрермін. Не дегенмен, Еуропада өнер көрсету әр ойыншының мақсаты емес пе?


Әңгімелескен Шерхан Абзалұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×