23 жастағы шабуылшы Айбар Жақсылықов «Жетісу» сапында ойнауын жалғастырады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Талдықорған футболының тәрбиеленушісі Айбар Жақсылықов «Жетісу» жастар командасында 2014-2018 жылдар аралығында өнер көрсетті. 2019 жылы ол негізгі командада дебют жасады. Екі маусымда 39 матч өткізіп, 12 гол соқты.
Премьер-лиганың кейбір клубтары ойыншыға қызығушылық танытып отыр, бірақ оның жарамды келісімшарты бар және "Жетісу" клубы оны жіберуді жоспарламайды. Себебі талдықорғандық клуб осы жылы тек жергілікті ойыншыларға сенім артатын болады.
Біздің серіктес: FONBET