Айбек Тілеужан: «Қазақстан төрешілері «Тұранды» мазақ қылуға болатын клуб деп келісіп алған секілді»

12.09.2022, 23:25
«Тұран» директоры кешегі матчтағы төрешілерді сынға алды.
Айбек Тілеужан: «Қазақстан төрешілері «Тұранды» мазақ қылуға болатын клуб деп келісіп алған секілді»

«Тұран» ФК директоры Айбек Тілеужан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында «Қайратқа» қарсы өткен матчтағы төрешілердің жұмысына қатысты пікірін айтты. 

- Кешегі «Қайратқа» қарсы матч қонақтар тарапынан өрескел әрекеттеге толы болды. Футбол тартысты қажет ететін спорт екені бәрімізге белгілі, десе де қарсыласқа деген құрмет болу керек. «Қайраттың» ойыншысы Ульшиннің әрекетінен кейін біздің қақпашымыз Токотаев бетінде көптеген тігіспен ауруханада жатыр! Аз болғанда Керімжановтың аяғын сындырар еді. «Ордабасымен» ойында дәл осындай жағдай болып, ойыншымыз Евдокимовке қызыл қағаз көрсетіп, екі матчтан шеттетілді. Ал бұл эпизодта төреші сары қағазды керісінше біздің ойыншыға берді. «Тұрандықтар» да қонақтарға осындай әрекетпен жауап берсе не болар еді?! Біздің жігіттердің де қолынан «сындыру» келеді, бірақ оларда ондай мақсат жоқ. 

Ешкім шағымданып жатқан жоқ, бірақ бәрінің де шегі бар! Кешегі матч шыдамның шегіне жетті! Қазақстан төрешілері «Тұранды» мазақ қылуға болатын клуб деп келісіп алған секілді. Біз бұған жол бермейміз және өзгелерге айтарымыз: Түркістан облысын мазақ етудің қажеті жоқ! Әрине, қазіргі жағдай бәрінің көңіліне қаяу салады. Бірақ ешкім жеңілмейді. 

Бар ұжым секілді мен көп жұмыс істеуге дайынмын, десе де еңбегіңді футбол фемидасының қызметкерлері еш еткені жағымсыз әсер қалдырады! Баршаңызға алаңда жақсы әрі әділ ойын тілеймін! Сонда ғана бәрі жақсы болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×