Айбол Әбікеннің қай командаға ауысатыны белгілі болды

17.02.2022, 14:49
Футболшы бүгін жаңа командасына қосылады.
Айбол Әбікеннің қай командаға ауысатыны белгілі болды

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Ақсуға» ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Футболшы бүгін павлодалық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтілуде. «Ақсу» Әбікенді бір жылғы жалға алуды жоспарлап отыр.

Әбікен соңғы кездері «Қайраттың» қосалқы командасымен жаттығып, алматылық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан тыс қалған болатын.

Бұған дейін «Ақсу» клубына «Қайраттың» тағы бір бұрынғы ойыншысы Гафуржан Сүйімбаев қосылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×