Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айдос Тәттібаев Aladop.kz сайтына берген сұхбатында өзінің дебюттік матчы жайлы дәне алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті:
- Айдос, кешегі дебютің құтты болсын. Жалпы матч сен үшін қалай өтті?
- Рахмет! Кешегі матч мен үшін ерекше болды. Себебі Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынымды өткіздім. Матч қатты қиын болды деп айта алмаймын. Мүмкіндіктерімізді пайдалансақ, ұтуға болар еді. Матч басында кішкене қобалжу болды. Үш-төрт ойыншы ұлттық құрамадағы алғашқы ресми матчтарына қатысты. Алдағы уақытта бәрі жақсы болады деп үміттенемін.
- Жанкүйерлер Финляндия құрамасын Еуропа чемпионатына қатысқанымен, керемет ойнамады деген пікір білдірді. Өзің Финляндияның мықты тұстарын атай аласың ба?
- Оларда бастысы командалық ойын бар. Бір-бірін жақсы түсінеді, пастарды дәл береді. Оның үстіне, ойыншылары Англия, Германия сынды үздік чемпионаттарда өнер көрсетеді. Пукки мен Похьянпало дейтін мықты шабуылшылары бар.
- Алдағы Босния және Герцеговина құрамасымен болатын ойын жайлы қандай пікір білдіресің?
- Ойынның қалай өтетіні бір Аллаға аян. Біз кем дегенде тең ойнауға тырысамыз. Әр командамен тең дәрежеде ойнауға болады.
- Сұхбатыңа рахмет! Сәттілік!
Біздің серіктес: FONBET