Айдос Тәттібаев соңғы минутта гол соғып, «Шахтерға» жеңіс сыйлады

20.09.2021, 04:00
«Кеншілер» турнирлік кестеде тағы бір сатыға жоғарылады.
Айдос Тәттібаев соңғы минутта гол соғып, «Шахтерға» жеңіс сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Қайсар» қарағандылық «Шахтерді» қабылдады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 71-минутында Давид Мавутор қарсылас ойыншысының қателігін сәтті пайдаланып, «кеншілерді» алға шығарды. Бірақ бес минуттан кейін Арман Кеңесов айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, есепті теңестірді. Ал 91-минутта алғашқы голдың авторы Мавутор қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Кездесудің 97-минутында Айдос Тәттібаев баспен гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Қызылордалық ұжым бұл жеңілістен кейін 15 ұпаймен он үшінші орында қалды. Магомед Адиев шәкірттері 25 ұпаймен оныншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×