Әйелдер арасындағы «Алтын допты» «Барселона» футболшысы жеңіп алды

30.11.2021, 16:06
Өткен маусымда ол командамен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп, маусымның символикалық құрамына енген болатын.
Әйелдер арасындағы «Алтын допты» «Барселона» футболшысы жеңіп алды

«Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Алексия Путельяс әйелдер арасындағы 2021 жылғы «Алтын допты» жеңіп алды.

Оған аталмыш жүлдені ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе табыс етті. 27 жастағы испаниялық футболшы 2012 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғап келеді. Өткен маусымда ол командамен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп, маусымның символикалық құрамына енген болатын.

Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынды «Барселонаның» тағы бір футболшысы Дженнифер Эрмосо иеленді. Ал үшінші орын лондондық «Челсидің» шабуылшысы Сэм Керрге бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×