Бұл туралы "АИК" шабуылшысы Кеннеди Игбоаннике "Гетеборгпен" болған кездесуден кейінгі сұхбатында айтты.
"Aftonbladet" басылымынан:
"Біз келесі кезеңге өтеміз! Бізге 0:0 есебі тіркелсе де болады. Бірақ,біз 1-2 доп айырмасымен жеңеміз деп ойлаймын"-деген нигериялық легионер.
Айта кетейік,3 тамыз күні АИК Швеция чемпионатында "Гетеборгты" 2:0 есебімен жеңіп, 34 ұпаймен турнирлік кестеде екінші сатыға жайғасқан болатын.
"АИК" - " Астана" матчы 7 тамыз күні Сольне қаласында болады.Бұл матчты "KAZSport" арнасы 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Бірінші матч нәтижесі:
"Астана" 1:1 "АИК"
9`Нибаль Бауи (0:1)
44` Танат Нөсербаев (1:1)
Қазақ футболы