"АИК" ойыншылары "Астананы" кемінде 1-2 доп айырмасымен жеңетіндеріне сенімді.

07.08.2014, 04:15
"АИК" ойыншылары "Астананы" кемінде 1-2 доп айырмасымен жеңетіндеріне сенімді.
Бұл туралы "АИК" шабуылшысы Кеннеди Игбоаннике "Гетеборгпен" болған кездесуден кейінгі сұхбатында айтты. "Aftonbladet" басылымынан: "Біз келесі кезеңге өтеміз! Бізге 0:0 есебі тіркелсе де болады. Бірақ,біз 1-2 доп айырмасымен жеңеміз деп ойлаймын"-деген нигериялық легионер. Айта кетейік,3 тамыз күні АИК Швеция чемпионатында "Гетеборгты" 2:0 есебімен жеңіп, 34 ұпаймен турнирлік кестеде екінші сатыға жайғасқан болатын. "АИК" - " Астана" матчы 7 тамыз күні Сольне қаласында болады.Бұл матчты "KAZSport" арнасы 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Бірінші матч нәтижесі: "Астана" 1:1 "АИК" 9`Нибаль Бауи (0:1) 44` Танат Нөсербаев (1:1) Қазақ футболы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×