Айқын фаворит саналған «Астана» жеңілістен аман қалды

24.07.2025, 21:10

Астанада өткен Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта «Астана» күтпеген жерден Молдованың «Зимбру» командасымен тең түсті.

Айқын фаворит саналған «Астана» жеңілістен аман қалды

Ойын басталғаннан-ақ алаң иелері басымдыққа ие болып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда, олар гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады. Ал «Зимбру» бірінші таймның қосымша минутында күтпеген жерден есеп ашты. Гай Дахан алыстан қақпаның тоғыздығына дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Екінші таймның басында қазақстандық клуб шабуылды үдете түсіп, нәтижесінде Иван Башич 56-минутта есепті теңестірді. Матч соңына дейін «Астана» бірнеше мүмкіндікті пайдалануға тырысқанымен, жеңіс голын соға алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Жауапты матч 31 шілде күні Молдова астанасы Кишиневте өтеді.


«Астана» (Қазақстан) — «Зимбру» (Молдова) — 1:1 (0:1)
Голдар: Дахан 45+1 (0:1), Башич 56 (1:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×