Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі - Айсұлтан Алматы облысы, Қаскелен қаласындағы "Сұңқар" футбол клубының негізгі құрамында алаңға шықты.
ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі - Айсұлтан Алматы облысы Қаскелен қаласындағы "Сұңқар" футбол клубының негізгі құрамында ойнай бастады деп жазды. Тіпті, клубтың сайтында да Айсұлтан Назарбаевтың өткен жексенбіде Ақтөбеге қарсы ойынға қатысқандығын да жазыпты.
Бұл жәйтті білу үшін Қазақстан Футбол федерациясының ресми сайтына үңілдік. Сөйтсек, шынында да Айсұлтан Назарбаев "Сұңқар" сапында 65 минут жасыл алаңда доп теуіпті.
"Сұңқардың" құрамымен таныс болғыларыңыз келсе, назар аударыңыз: Пасеченко (қ, Харабара, Сабиров, Нохунек, Недашковский, Нұрғалиев, Цветкович, Савенас (Суюнов 87), Овсянников (Байтана 46), Назарбаев (Бөлешев 65), Джокич
BAQ.KZ.