Айтқыш комментаторлардың афоризмдері

02.01.2014, 05:38
Айтқыш комментаторлардың афоризмдері
Комментаторлар да қалыспайды екен. Айтқыш комментаторлардың афоризмдерін сіздер үшін жинадық. Джан Барту: Уолш екінші қырық бесте өте сылбыр. Өзін ойында еш көре алмадым(Уолш үзілісте ойыннан шыққан болатын) Илькер Ясин: Матчтың бітуіне 20 минут қалуға 10 минут бар. Кездесудің соңғы минуттары. Толқыныс алапат. Туларыңыз дайын ба? Машиналарыңыз есікте ме? (Бешікташ матчы) Аты бегісіз бір комментатор Түркия-Бразилия матчында: Алпай артқы аяғын қайырып алды. Үміт Ақтан: Иә, голды соққан аяқдопшы Лечков. Иә, түртіп алғандарыма қарайын. Лечков Германияның Hamburger командасында ойнайды. Иә, қате қарадым ба деп түртіп алғандарыма қайта қараймын... Иә, расымен Hamburger командасында ойнайды(Германия-Болгария ширек финал матчында) Турғай Шерен: Екінші гол да Бурдың аяғының несінен болды. Үшінші гол тағы Бурдың аяғының несінен болды. Бүлент Карпат: Тугай ұрса гол болады. Ұрудааааааааа, аут... Сабри Уган: Милан-Шальке матчы. 3-2 теңбе-тең ойын жалғасып жатыр. Илькер Ясин: Құрметті көрермендер, Бурсаспордың 5 матчта 2 жеңіліс және 3 ұтылысы бар. Эрмет Шенер: Бұл ойыншылардың 2 ұрғаны 3 гол болады. Эртем Шенер: Миланның какасы ерте келді(Миланда Кака алғашқы минуттарда гол атқанда) Эртем Шенер: Корнер ма деп қарап жатырмын. Жоқ, бұрыштама добы екен. Ерман Тороғлы: Қарбыз жата жата үлкейеді, футболшы ойнай ойнай. Аты белгісіз комментатор: Матч бітті, ал біз әлі гол өткізіп жатырмыз.(8-0мен Англияға жеңіліп жатқан Түркия ұлттық құрамасы үшін айтқаны) Түркияның спорттық сайттарынан жинап терген Ғалия Серікққызы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×