Өзбекстан CAFA Nations Cup турниріндегі кезекті матчын сәтті аяқтады.
Бүгін Тимур Кападзе шәкірттері Қырғызстан қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Матч барысында милийлер сапынан Мозговой, Шукуров, Сергеев пен Тургонбоев гол авторы атанды. Сол арқылы Өзбекстан өз қарсыласын 4:0 есебімен сенімді жеңді.
Осы кездесуден кейін Өзбекстан 3-тур қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, А-тобының турнир кестесінде көш бастады. Бұған дейін Кападзе шәкірттері Оманмен тең тарқасып, Түркіменстанды қиын кездесуде 1:2 есебімен жеңген болатын.
Жалпы өзбектер Оман құрамасымен бірге бір топта үздік өнер көрсетіп, CAFA бәсекесінің шешуші кезеңіне жолдама алды. Ал көрші Қырғыз елі болса, статистикалық нәтиже бойынша Түркіменстаннан да төмен көрсеткіш көрсетіп, турнирді өте сәтсіз мәнерде аяқтады.
Айтпақшы, плей-офф сатысында Өзбекстан құрамасы Иранмен бақ сынасады. Ал Оман болса, Үндістанмен кім мықтыны анықтамақ.