Қырғызстан футболы тарихындағы алғаш рет футболшы сатылды.
30 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак Қырғызалтын ұжымынан “Тоқтоғұлға” 10 мың АҚШ долларына берілді. Бұл трансфер Қырғызстан Премьер-Лигасы тарихындағы алғашқы ақшаға сатылған ауысым болып тіркелді.
Жалпы “Динамо” Киев түлегі көршілес елдің чемпионатында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Жогорку Лигада ОшМУ және “Қырғызалтын” жейдесінде 36 матч өткізіп, 6 гол мен 4 голдық пас берді.
Айтпақшы, тарихи трансферге қатысы бар Евгений біздің футболданда аулақ азамат емес. 2021 жылы Чумак түркістандық “Тұранда” 7 матч өткізді.