Айыр қалпақтылар Астанада

03.09.2014, 19:10
Айыр қалпақтылар Астанада
Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық құрамалары Астанада футболдан жолдастық матч өткізеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісіне Қырғызстанның футбол федерациясынан.  Кездесу 5 қыркүйек күні «Астана – Арена» стадионында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. Бүгін қырғыз құрамасының бапкері Мирлан Эшенов Астанаға баратын құраманың құрамын бекітті. Барлығы құрамаға 18 футболшы шақырылған, оның 4-уі легионерлер. Қырғызстанның футбол федерациясы қазақстандық әріптестерімен жолдастық матчты тікелей эфирде көрсету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 
       
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×