AKAS алғаш рет өз тарихында Екінші лиганың чемпионы атанды

28.08.2024, 22:16

2018 жылы құрылған ұжым “Оңтүстік-Батыс” конференциясында мерзімінен бұрын үздік деп танылды.

AKAS алғаш рет өз тарихында Екінші лиганың чемпионы атанды

Алматы командасы 19-турда сырт алаңда “Ордабасыны” Дархан Меделханның дублі арқылы жеңді (2:0). Осылайша AKAS чемпионат бітуіне 3-тур қалғанда 46 ұпай жинап, көздеген жетістігіне жетті.

Осы маусымда көк-ақтар 15 жеңіс, 1 тең және 3 жеңіліс нәтижесін тіркеді. Одан бөлек, алматылық клуб 51 гол соғып, команда капитаны, Екінші лиганың сұрмергені Сергей Гриндин 3 мәрте айдың үздік ойыншысы номинациясында топ жарды.

Айта кетейік,Екінші лиганың барлық кездесулері 1 қазанға дейін аяқталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Алматы
Серіктес жаңалықтары
×