AKAS команда жанкүйерлеріне үңдеу жасады

Алматылық команда Бірінші Лигада өнер көрсетуден бас тартты.

AKAS команда жанкүйерлеріне үңдеу жасады

2026 жылдан бастап AKAS өз бағын Екінші Лигада сынап көреді. Қазіргі уақытта бапкер Кенджахунов Довран Маратұлымен жаңа маусымға дайындық жоспары бекітілді. Соған сәйкес, Алматы командасының құрамы қайта құрылмақ. Желтоқсан айында жергілікті футболшылар іріктеліп, мықты команда жасақталмақ. 

Ақпан айында клуб шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Сол жақта жаңа маусымға дайындығын пысықтайды.

Еске салсақ, AKAS Бірінші Лиганың осы маусымында 33 ұпай жинап, турнир кестесінде “Тараздан” кейін 9 орынға жайғастқан болатын. 

Жалпы Алматы командасының тарихы 2023 жылдан басталады. Бұл ұжымды Қазақстан құрылыс нарығында 2015 жылдан бері қызмет жасап келген AKAS Development негізін қалаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×