“Ахмат” командасы Ресей Кубогының топтық екінші жеңісіне қол жеткізді

Грозныйлық “Ахмат” Ресей Кубогының топтық кезеңінде екінші рет “Пари НН” клубынан мықты екенін дәлелдеді.

“Ахмат” командасы Ресей Кубогының топтық екінші жеңісіне қол жеткізді

Ресей Кубогы, 4-тур

“Пари НН” 1:2 “Ахмат”

Голдар: Самородов 9’, Гоцук 28’, Ловат 58’ (пен).

Отандасымыз Максим Самородов бүгін клубтағы дебюттық голын соқты. Осыған дейін ол грозныйлықтар сапында 2 ойын өткізіп үлгерді.

Ресей Кубогының 4-тур ойынында “Ахмат” 2 рет жеңіп, 2 рет жеңілді. Ташуев командасының алғашқы жеңісі дәл сол “Пари НН” ұжымына қарсы ойында тіркелді. Ол кезде таблодағы есеп 4:1 көрсетті. 

Турнирдің С-тобында орналасқан ұжым “Краснодар” және ЦСКА-дан кейін кестеде 3 орында келеді. Команда қоржынында 6 ұпай бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×