Родриго Аузменди "Банфилдтен" Грозный ұжымына ауысып қалуы мүмкін.
24 жастағы жас шабуылшы бүгінде өз отанындағы “Банфилдте” өнер көрсетуде. Ол осы маусымда ішкі чемпионатта 15 ойын өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді.
Осыдан жарты жыл бұрын Аузменди Клаусурада 42 матчта 23 гол соғып, үздік сұрмергендердің бірі атанды.
Бойы ұзын шабуылшы бір жылдың ішінде нарықтағы бағасын 100 мың еуродан 2 млн еуроға дейін көтеріп алды. Осыдан қарап-ақ, “Ахматқа” келгелі отырған Родригоның жәй ойыншы еместігіне көзіміз жетеді.
Еске салсақ, Грозный ұжымының шабуыл шебінде отандасымыз Максим Самородов өнер көрсетеді. Ол осы маусымда 22 матч өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді.