“Ахмат” командасының бапкерлік штабы толық жасақталды

07.04.2024, 18:17

Магомед Адиев баптайтын “Ахмат” клубының бапкерлік штабына Руслан Балтиев, Евгений Коструб және Ерлан Ыбрайым кірді.

“Ахмат” командасының бапкерлік штабы толық жасақталды

Қазақстан ұлттық құрамасының үздік сұрмергендерінің бірі Руслан Балтиев Грозный ұжымында аға бапкері қызметін атқарады. Ал Евгений Коструб болса, бапкер жұмысына тікелей араласа алатын маманның міндеттерін орындайды. Ерлан Ыбрайым футболшылардың физикалық дайындығына жауап береді. 

Бұл мамандар Магомед Адиев пен бірге Қазақстан ұлттық құрамасындағы қосымша жұмыстарын атқара бермек. 

Еске салайық, осыдан бір күн бұрын Магомед Адиев ресми түрде “Ахмат” бапкері атанған болатын. Ол бұл қызметте Мирослав Ромащенконың орнын басты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×