"Ахмат" сырт алаңда РПЛ көшбасшысын ұтты

05.05.2024, 06:02

Магомед Адиев жаттықтыратын "Ахмат" кеше "Краснодарға" қарсы кездесу өткізіп, басым түсті

"Ахмат" сырт алаңда РПЛ көшбасшысын ұтты
"Краснодар"-"Ахмат" матчы

Матчтағы жалғыз голдың авторы - Мохамед Конате (46). Сонымен, Грозныйлық клуб 32 ұпай жинап, қауіпті аймақтан 5 ұпайға дейін ұзап кетті. Қазір турнирлік кестеде М. Адиевтің командасы 10-сатыда тұр. Ал "Краснодар" екінші орында келеді. Айта кетейік, Магомед Мұсаұлы сәуірдің бесінен бастап "Ахматтың" бас бапкері қызметіне кіріскен болатын.

Жуырда ҚФФ ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында ол Қазақстан Ұлттық құрамасын ары қарай жаттықтыра беретінін айтқан. ҚФФ Президенті Әділет Бәрменқұлов та М. Адиевке сенім артыла беретінін, қос қызметті қатар алуына мүмкіндік берілетінін жеткізді. Адиевтің өзі мамырдың аяғында РПЛ-дегі шаруаларын реттеп, Қазақстанға, құрамадағы жұмысына оралатынын тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×