“Ахмат” ұжымы айналдырған 1 минутта 2 гол жіберді

Грозныйлық “Ахмат” Ресей чемпионатының 2-туры аясында ЦСКА қонақта болды.

“Ахмат” ұжымы айналдырған 1 минутта 2 гол жіберді

Қонақ команда үшін ойын басы жақсы басталды. Александр Сторожук шәкірттері командаға жаңадан қосылған Брайан Мансильяның көмегімен 15 минутта алға шықты. Алайда бірінші тайм бітерде Данил Круговой 1 минут ішінде дубль жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.

Отандасымыз Максим Самородов ойынға екінші таймда қосылды. Ол шабуылшы Лечи Садулаевты алмастырып кірді. Бірақ соған қарамастан, таблодағы есепке ешқандай өзгеріс енбеді (2:1). 

“Ахмат” командасы ішкі чемпионатта екінші матч қатарынан жеңіліп келеді. Бұған дейін жасылдар қазандық “Рубиннен” айласын асыра алмаған еді (0:2). Аталған ойында Максим Самородов алаңда 75 минут өткізді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×