Ғалымжан Кенжебектің Ресей Премьер лигасына ауысуына қатысты отандық маман пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко жас таланттың "Ахмат” клубына өткенін құптап, бұл трансфердің маңыздылығын атап өтті.
Евгений Аверченконың айтуынша, Қазақстандық футболшылардың шетелдік біріншіліктерге көбірек шығуы отандық футболдың деңгейін көтереді. Маман бұл ауысудың Ғалымжан үшін үлкен белес екенін айтады.
Сарапшы Ресей Премьер лигасының деңгейі Қазақстан Премьер лигасынан жоғары екенін алға тартты.
Аверченконың пайымдауынша, РПЛ-да өзін жақсы қырынан көрсеткен ойыншының болашақта Еуропаның топ лигаларына жол тартуға мүмкіндігі мол.
"Мен Қазақстандық футболшылардың шетелдік чемпионаттарда барынша көп өнер көрсеткенін қалаймын. Сондықтан Ғалымжан үшін бұл – мықты біріншілікте бағын сынап, болашақта Еуропалық клубтардың назарына ілігуге берілген тамаша мүмкіндік.” — деді маман Sports.kz сайтына берген сұхбатында.