“Ахматтың” спорттық директоры Руслан Газзаев Адиев әлі де болсын Грозный ұжымында қала бермек дегенді келтіріп отыр.
Футбол маманы Магомедке “Ахмат” ұжымы әлі де сенетіндігін жеткізді.
“Ең бастысы біздің команданы алдағы ойынға дайындайтын бапкеріміз бар.
Команда тізгіншісіне клуб басшылығы сенбейтін болса, онда оны дереу қызметтен алып тастайды емес пе?
Ал біз Адиевке барынша сенім артып отырмыз. Ол алдағы уақытта біз күткен нәтижені көрсете алуы керек”, - деді Руслан Газзаев.
РПЛ 6-турында бірде-бір рет жеңіске жетпеген “Ахмат” Магомед Адиевті қызметінен қуады деген ақпарат желдей есіп еді.
Тағы бір қосатыны, Адиевтің бапкерлік штабында қазақстандық Руслан Балтиев, Евгений Коструб және Ерлан Ыбрайым жұмыс жасайды.
Грозный командасы ішкі чемпионаттағы келесі кездесуін тольяттилік “Акронға” қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET