«Ахматтың» бапкері Самородовтың өнерін бағалады

Бүгін, 16:26

«Ахматтың» бапкері Сергей Ташуев «Рубинге» қарсы өткен ойын туралы айтты.

«Ахматтың» бапкері Самородовтың өнерін бағалады
Максим Самородов

Сондай-ақ, ресейлік маман осы матчта грозныйлық команданың шабуылында өнер көрсеткен қазақстандық Максим Самородовтың өнеріне қатысты пікірін білдірген болатын. 

«Әр ойын сайын ротация жасаймыз, кімнің дайындығы жақсы, кімнен пайда көбірек тиюі мүмкін дегендей. Бұған жарақат алғандарды қосыңыз. Бүгін шабуыл өтінің көшбасшылары жетіскен жоқ: Кардосо, Бериша, Богосавац қатардан шығып қалды. Ойыншылардың түрлі жұбын да тексеріп жатырмыз - шабуыл шебіне Самородов пен Талалды қойдық. Бұл жұп әлі толық дайын емес. Қалай дегенде де екінші таймда қос қапталдағы ойынымызды реттеп алдық, алайда, шабуылшылардың қысымы болмауы себепті айып алаңын толық иелене алмадық. Соңғы пастың жоқтығы айқын кедергі», - деді С. Ташуев. 

Грозныйлық клуб 11-турдан кейін 6 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы орнында тұр. «Ақтөбе» түлегі осы маусымда грозныйлық ұжым сапында 9 ойында бір доп соғып, бір голдық пас шығарған. Айта кетейік, Максим Самородов «Ахматқа» осы жазда «Ақтөбе» сапынан ауысып барды. Трансфер құны бір миллион еуроны құраған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×