"Ахматтың" бас директоры: Адиевті алып қалуға бар күшімізді саламыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
06.05.2024, 07:16

Грозныйдың "Ахмат" футбол клубының бас директоры Ахмед Айдамиров команданың бас бапкері Магомед Адиевтің болашағы туралы сұраққа жауап берді

"Ахматтың" бас директоры: Адиевті алып қалуға бар күшімізді саламыз
Магомед Адиев "Ахмат" - "Сочи" кездесуінде

"Адиевті алып қалуға бар күшімізді саламыз",- деген А. Айдамиров бас бапкердің жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Естеріңізде болса, РПЛ-дің өткен 27-турында  "Ахмат" сырт алаңда "Краснодарды" ұтып кетті. Сенсацияға баланған бәсекеден кейін Грозныйлық команда турнирлік кестеде 10-орынға жайғасып, РПЛ-де қалу мүмкіндігін жақсарта түскен еді. Ал Магомед Адиевті клуб басшылығының дәл осы міндетті орындау үшін шақырғаны мәлім.

Магомед Мұсаұлы келгелі бері командасымен қатарынан 4 жеңіске жетіп, клуб қоржынындағы ұпай санын 32-ге жеткізді. Енді "Ахмат" келесі турда 10-мамырда "Крылья Советовпен" кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×