"Ахматтың" футболшылары Адиевті жабыла мақтауда

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
25.05.2024, 07:10

"Ахмат" клубының жартылай қорғаушысы Антон Швец бас бапкер Магомед Адиев жайлы жылы пікір айтты

"Ахматтың" футболшылары Адиевті жабыла мақтауда
Магомед Адиев "Ахмат" ФК бас бапкері

Футболшы ресейлік жаттықтырушының командаға әкелген жаңалығы туралы ойын жеткізген болатын.

 "Ол біздің өз күшімізге деген сенімімізді қайта оятты. Мүмкін бұл Ромащенконың кезінде болмаған да шығар. Меніңше осы жағдайдың да көп көмегі тиді. Одан кейін іс жүзінде анықталғандай, Грозныйда ойыншыларды қатып қалған шеңбердің ішіне қамауға болмайды: бәрі кестеге сай, барлығы шектен тыс кәсіби дегендей. Керісінше, кей жерлерде Магомед Мұсаұлы секілді еркіндік берген дұрыс. Кәсіби тұрғыда барлығы жақсы, бірақ бүкіл футболшылар психология жағынан еркін және өз жұмысынан ләззат алады. Жаттығуларда күліп, мәз-мейрамбыз. Бұл маңызды",- деген болатын А. Швец Адиевтің клубқа сіңірген еңбегі жайлы. 

Айта кетейік, Магомед Адиев маусымның соңғы ширегінде  "Ахмат" командасының тізгінін ұстап, жеңістер сериясын жасады. Соның арқасында грозныйлық клуб РПЛ-дегі орнын сақтап қалды. Бұдан бөлек Магомед Адиев Қазақстан құрамасын да жаттықтыра бермек. Әзірге ҚФФ басшылығы ресейлік маманға маусым соңына дейін екі қызметті қатар алып жүруге рұқсат берген. Ары қарай қалай боларын қос тарап алдағы уақытта талқылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×