Ақмола облыстық футбол федерациясының президенті тағайындалды

Бүгін, 08:45

"Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің отырысында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің кандидатурасы аталған ұйымның президенті лауазымына қаралды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ақмола облыстық футбол федерациясының президенті тағайындалды

Бұл бастама Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасына сәйкес ұсынылды. Жиын барысында қауымдастық мүшелері Әнуар Күмпекеевтің кандидатурасын талқылап, дауыс беру нәтижесінде оны бір ауыздан қолдады.

Осылайша, Әнуар Күмпекеев "Ақмола облыстық футбол қауымдастығының” президенті болып ресми түрде сайланды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×