АҚШ президенті Дональд Трамп әлем чемпионатының жеребесі жайлы арнайы үндеу жариялады

22.08.2025, 22:44

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі Вашингтон қаласындағы Кеннеди атындағы өнер орталығында ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлем чемпионатының жеребесі жайлы арнайы үндеу жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі 5 желтоқсанда өтетіндігін хабарлады.

2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді: АҚШ, Канада және Мексика. Турнирге 48 ұлттық құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінеді, әр топта төрттен команда болады. Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне топтағы алғашқы екі орын алғандар және үшінші орындағы үздік сегіз команда жолдама алады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/16 финал атты жаңа кезең енгізілді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде алдағы 4 қыркүйекте Уэльс құрамасын қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×